Таразда Тәуелсіздік монументі бой көтермек

Аймақ
28.07.2016, 22:45

тауелсиздикЖамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай монумент бой көтереді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков мәлім етті.

- Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тараз қаласында бас көтеретін монументтің жобасына жыл басында конкурс жарияланған болатын. Конкурс комиссияның 10.03.2016 жылғы шешімі негізінде жеңімпаз анықталып, монумент орнатылатын жер телімі Тараз қаласы әкімдігінің 13.05.2016 жылғы №309 қаулысымен Төле би даңғылымен Әль-Фараби көшелерінің  қиылысынан бекітілді. Бүгінгі күнге орнатылатын монументің жобалық құжаттары толығымен жасақталып, іске асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Монументалды – сәулеттік кешен арка түрінде жобаланған. Арканың үстіңгі төбесінде шаңырақ, сегіз бұрышты шығыс жұлдызы бейнеленген. Арканың төрт тұғыры Айша- бибі мавзолейінің ою – өрнектерін сипаттайды. Арка ортасында төменгі түсында жер шарын бейнелейтін күміс шар орнатылған. Бүкіл композициялық элементтермен бірге монумент Қазақстан Тәуелсіздігін, өрлеу дәуірін, ежелгі Түрік көшпенділерімен бүгінгі күнге дейінгі ұрпақ жалғастығын білдіретін болады. Монументтің толық биіктігі 14 метр (жоба бойынша). Халықтың демалыс орнына айландыру үшін жан-жағы көгалдандырылып, гүлзар, жарық-шамдар және автотұрақ қарастырылған,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Сұхбат

PhotoRoom