Жамбылда 122 адам сапа менеджменті  бойынша біліктілігін арттырды

Аймақ
30.07.2016, 21:56

1469767243_sam_1010Бұл туралы Жамбыл облысындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ИжДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Сатыбалдин Меирхан мәлім етті.

Оның айтуынша, еліміздегі «Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шара жоспары аясында техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша облыстың бизнес-қауымы мен мемлекеттік органдардың 95-тен аса өкілдеріне оқу-семинарлар өткізіліп, сертификаттар табысталған.  Ал «Сапа менеджменті және техникалық реттеу, метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және көтеру  бойынша металлургия, агрохимия және азы-түлік саласы бойынша жалпы 122 адамға оқу семинарлар өткізіліп, сертификаттар берілген. Сондай-ақ, 11 кәсіпорында техникалық реттеу сұрақтары бойынша кездесулер ұйымдастырылып, консультативті көмектер көрсетілген.

«Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттарды алдын ала көру мүмкіндігімен Интернет-магазин жұмыс істейді. Қазіргі таңда тіркелген қолданушылардың саны 3036 құрайды.  Сонымен қатар, «ҚазСтИн» РМК - «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының 20 бап 2 тармағына сәйкес, стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың ресми басылымдарын тарататын жалғыз өңір болып табылады»,-деді спикер.

Сұхбат

PhotoRoom