Жамбылдағы медициналық 8 субьектіде метрологиялық талаптар бұзылған

Аймақ
30.07.2016, 22:06

SAM_1011Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ИжДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Сатыбалдин Меирхан Әбілхайырұлы айтты.

«Департамент тарапынан жыл басынан бері барлығы 20 субъектіге тексеріс жүргізіліп оның 8-інде заң бұзушылық анықталған. Ал 2014 жылы жоспарға алынған 28 денсаулық сақтау нысандарының 27-де метрологиялық талаптарының бұзылғандығы тіркелсе, өткен жылы  тексеріске алынған 16 медицина  нысанасының 14-де метрологиялық талаптардың бұзылғандығы тіркелген. Осы үш жыл ішінде облыстың медициналық мекемелеріне 6 миллионнан астам теңге айыппұл салынып, өндірілді. Бұл салада, өлшем құралдары көрсеткіштерінің дұрыстығы, адам өміріне, денсаулығына қаншалықты маңызды екендігі түсінікті. Өкінішке қарай, кейбір сәттерде жекелеген денсаулық сақтау субъектілер тарапынан, метрологиялық талаптардың орындалмау фактілерінің қайталануы орын алып келеді. Бұл күрделі мәселе, осы саладағы тиісті мамандарының қатаң бақылауында болуы керек деп есептеймін»,- деп мәлімдеді спикер.

Сұхбат

PhotoRoom