Жамбылда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру туралы брифинг өтті

Аймақ
01.08.2016, 20:24

Бүгін Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының негізгі талаптары туралы брифинг өтті.

Брифингке  ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы директорының орынбасары – Нұрлан Берікбосынов , ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы Қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы – Ерлан Әзімханов,ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы Экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы – Дәурен Төлепбергеновтер қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен 11.02.2015 жылы өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасымен Ұлттық Банкке ипотекалық қарызгерлердің проблемаларын шешуге ұсыныс беру тапсырмасы берілген болатын. Осыған орай, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015ж. №69 қаулысымен «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы» бекітілген.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық Банкімен 130 млрд.теңге бөлінді. Бағдарламаның мақсаттары: ол қарыз алушылардың барынша көп бөлігі үшін ипотекалық қарыздарды өтеу талаптарын жеңілдету, проблемалық кредиттер деңгейін төмендету болып табылады.

Бағдарламаның негізгі өлшемдеріне сәйкес қарыз алушының және кепіл берушінің   оның жұбайының (зайыбының) жалғыз баспанасы кепілге салынған, 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздар қайта қаржыландыруға жатады.Қарыздар мынадай талаптармен қайта қаржыландырылады: жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша, валюталық қарыздарды теңгеге конвертациялау, қарыз мерзімін 20 жылға дейін ұзарту.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында берілген ұсыныстар негізінде Ұлттық Банк бірнеше рет тиісті қаулыларымен Бағдарламаға өзгерістер енгізіп, талаптарды жеңілдетіп қарызгерлерге қайта қаржыландыруды пайдалану мүмкіндіктерін  қарастырды.

Оларды атап айтар болсақ, келесідей егер қарызгердің немесе кепіл берушінің жұбайларымен қоса алғанда қосымша 1 (бір) жер учаскесі болса, бизнестік мақсатқа берілген заемдар, қарызгердің кепілдегі жылжымайтын мүлкі тұрғын емес жайы жалғыз мүлкі және оның көлемі 100 шаршы метрден аспаса, кепілдегі тұрғын-үйі немесе тұрғын емес жайы Банктің балансына өтіп кеткен қарызгерлер де заемдарын қайта қаржыландыруға мүмкіндік алды.

Бағдарламаға сәйкес негізгі қарыз бойынша берешектің қалдығы 36 470 000 теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ қарызгердің кепілге берілген жылжымайтын мүлкінің тұрғын көлемі 120 шаршы метрден аспайтын жалғыз баспанасы болуы шарт.

Осы талаптар ҚР заңнамасына сәйкес көп балалы отбасы түріндегі әлеуметтік осал топ мүшесі қарзыргерлерге және банкке кепілге ұсынылған тұрғын үйде 2 отбасыдан көп отбасылардың мүшелері 01.01.2015ж. жағдай бойынша тіркеліп және тұрып жатқан қарызгерлерге қатысты қолданылмайды.

Бағдарламада банктердің қарызды қайта қаржыландыру кезінде қарыз бойынша негізгі борыш қалдығын есептен шығарып, қарыз алушының жағдайын жеңілдететін талаптар бар.

Осы бағдарлама ең алдымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларға; шетел валютасымен ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға; ұлттық валютамен ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыз алған және 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша мерзімі 90 күннен асқан берешегі бар қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Қарыздарды қайта қаржыландыру мынадай басымдықпен жүзеге асырылады:

-    ҚР заңнамасына сәйкес 2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қарыз алушылардың ипоеткалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздары;

-    Ипотекалық тұрғын үй қарыздары;

-    Ипотекалық қарыздар.

Қарыз алушының борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында негізгі борыштың қалдығы ғана қайта қаржыландырылады, бұл ретте қарыз алушының қайта қаржыландырылған қарыз бойынша сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін банктер кешіреді.

Шетел валютасында берілген қарыз бойынша қайта қаржыландырылатын соманы айқындауды банктер қайта қаржыландыру күніне Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша, ал 2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар валюта қарызын 2015 жылғы 18 тамыз күніне Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша жүзеге асырады.

Қайта қаржыландыру күніне заңды күшіне енген сот актісі бар қарыз бойынша қайта қаржыландырылатын соманы айқындау негізгі борыш сомасы бойынша жүзеге асырылады:

-   Теңгемен – сот актісіне сәйкес;

-   Шетел валютасында – сот актісі шыққан күнге Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша теңге баламасымен.

Банктердің қарызды қайта қаржыландыру кезінде қандай да болмасын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алуға құқығы жоқ.

Бағдарлама шеңберінде шамамен алғанда 20000-нан астам қарыз, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын қарыз алушылардың 5000-нан астам қарызы қайта қаржыландырылатын болады. Ұлттық Банктің ресми мәліметіне сәйкес 2016 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша банктерге 21 917 (Жамбыл облысы бойынша -1 767) ұсынылған өтінімнің 16 799 (Жамбыл облысы бойынша -1 417) өтінімі мақұлданып, оның 14 147 (Жамбыл облысы бойынша -1 206) өтінімі 76,3 млрд.теңгеге (Жамбыл облысы бойынша -3,5 млрд.теңгеге) қайта қаржыландыру жүргізілген.

Қайта қаржыландырылған қарызгерлер көрсеткіші бойынша 15.07.2016ж. жағдайға сәйкес Жамбыл облысы Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейін 4-ші орында тұр.

Қайта қаржыландыруды, жоғарыда көрсетілген жылдардағы Бағдарламада көрсетілген 19 екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыруда.

Қарызгерлерге Бағдарлама шеңберінде қарыздарын қайта қаржыландыру және Бағдарлама бойынша ақпаратты алу және қайта қаржыландыруға қажетті құжаттарды жинау үшін Бағдарламада көрсетілген 19 банктердің және ұйымдардың бөлімшелеріне жүгінуі тиіс екенін хабарлаймыз.

Сондай-ақ қарызгерлер Бағдарламаға қатысатын банктен немесе ұйымнан Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырудан негізсіз бас тарту алса, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Жамбыл облысы Әкімшілігінің жанынан құрылған Комиссияға жүгіне алады.

Сұхбат

PhotoRoom