Жамбылдық ШОБ нысандары өндіріс көлемін ұлғайтуда еліміз бойынша І орында келеді

Аймақ
04.08.2016, 00:43

Жамбыл облысында І жартыжылдыққа арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды,-деп хабарлайды "ZhambylNews" ақпарат агенттігі аймақтық "Знамя Труда" басылымына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп өндірісі 3, 2 пайызға артып, республика бойынша 4-орынға шықты. Ал шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім бойынша аймақ ел аумағында көш бастады.

Айта кетейік, облыс өңірлері арасында өнеркәсіп өндірісінің  неғұрлым жоғары өсу қарқынын Меркі (170,8), Жамбыл (124,8), Сарысу (121), Мойынқұм (120,8) аудандары қамтамасыз етті.

Ал шағын және орта кәсіпкерлік нысандарымен өндірілген өнім бойынша Жамбыл облысы республика бойынша көш бастады. Сонымен, өңір кәсіпкерлерімен 631, 1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 39, 8 пайызға өсім байқалды.

Бұдан басқа, қолайлы ауа райы өсімдік шаруашылығының 29, 2 пайызға артуына ықпал етті. Астық жинау көрсеткіші рекордтық межеге жақын қалды: 2016 жылдың 26 шілдесіне дейін 150, 3 мың дәнді - дақыл жиналды, бұл 60, 6 пайызды көрсетті. Орташа өнімділік 1 гектардан 21 центнер құрады. 1006 мың тонна пішен, 11,4 мың тонна пішендеме дайындалды.

Мал шаруашылығындағы өсім 1,8 пайызды құрап, тірі салмақта ет  2,2 пайызға, сүт – 2,1 пайызға, жүн қырқу - 1,5 пайызға артық көрсеткіш көрсетті.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,2 пайызға өсіп, 47,3 млрд. теңгені құрады.

Сұхбат

PhotoRoom