Жамбылда «Қайырымдылық – адам жанының нұры»  тақырыбында брифинг өтті

Аймақ
05.08.2016, 14:27

SAM_1051 — копияӨңірлік Коммуникациялар қызметінің кезекті баспасөз брифингі  «Қайырымдылық – адам жанының нұры» тақырыбында өтті. Баспасөз мәслихаты барысында облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, науқастарға, балаларға қамқорлық жасап, қол ұшын созып жүрген азаматтар жиналып, тілшілердің түйткілді сауалдарына үн қатты. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, қабілеті шексіз азаматтардың бүгінгі жай-күйі жайлы жан-жақты әңгімеледі.

Облысымыздағы «Асар» мүгедектер ұйымының одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Төлегенов, «Айналайын» жасөспірімдер мен балалар орталығы «Жастар клубы» бірлестігінің төрайымы Айгүл Разақова және «Амазонка» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анжелика Сарьян өз жұмыстарының барысын саралап өтті.

Аты аталған қоғамдық ұйымдардың қайырымды істерге ұйытқы болуына негізінен әлеуметтік жобаларға бөлінген қаражат көздері септігін тигізеді. Одан бөлек жүрегіне иман нұры қонған, жарлыға жағдай жасауға ниетті демеушілер де аракідік көмек береді екен. Десек те, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жоғын түгендеуге қазынадан қаралған қаржы көздері толық жете бермейді. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, жұмыс жасауға ебі бар жандарды қоғамнан оқшаулап қалмау үшін жұмысқа тарту да басты мақсаттардың бірі. Бұл кезек күттірмейтін тірлік. Қоғамдық бірлестік төрағаларының айтуынша, мүгедектердің қажеттілігі көп. Мысалы, бір ғана мүгедектер арбасының өзіне біраз қаржы жұмсалады. Одан өзге құралдар тізбегі тағы бар. Сырқат жанды дәрімен қамтамасыз етудің өзі оңай шаруа емес. Бұл бағытта едәуір жұмыстар жүргізіліп те жатыр. Мәселен, «Амазонка» қоғамдық бірлестігі аса қатерлі ісік ауруына шалдыққан жандарың дертіне шипа іздеп әлек. Олардың өмір жасының мейлінше ұзара түсуіне ниетті. Олардың күтімі де үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мемлекет қарастырылған жәрдемақылар оларға аздап көмек болса да, мүмкіндігі шектеулі кісілердің қажеттілігін толық өтейді деу қиын.

Брифинг барысында сөз алған спикерлер осы мәселелерге толығырақ назар аударды. Сондай-ақ олар облыс әкімінің, университет ректорының гранттары мүмкіндігі шектеулі жандарға да қарастырылса деген ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom