Жамбыл облысында Қазақстандағы ірі гипс зауыты салынбақ

Аймақ
11.08.2016, 18:37

Үстіміздегі жылы «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы құрғақ қоспалар мен гипс тұтқыр материалдарын дайындайтын №3 зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобалық құны 1 млрд 715 млн.теңгені құрайтын жобаны «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы мемлекеттің 2015-2019 жылдардағы индустриалды-инновацияық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырып отыр.

«Жамбылгипс» акционерлік қоғамының жаңа зауыт құрылысын жүргізудегі серіктестері технология мен гипс материалдар және құрғақ қоспалар өндіретін жетекші шет елдік компанялар болып табылады. Аталған компания КНАУФ, ЛАФАРЖ, ALCIBAY сынды гипс өндірудегі алдыңғы қатарлы өндірушілермен жұмыс атқарады.

Жоба серіктестері тәулігіне 750 тонна тұтқыр гипсті жіне 600 тонна құрғақ қоспаларды әзірлеп шығара алатын 4 өндіріс желісін іске қосу үшін оларды технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуде.

Бір уақытта құрғақ қоспалар мен гипс ассортиментінің көп болуы үшін бұл зауыттың құрылысына соңғы үлгідегі, әрі жоғары сапалы жабдықтар қолданылуда.

Гипс өнімдерін шығаратын бұл зауытта басқару мен қадағалау автоматты режимде жүргізіледі. Өндіріс орнының құрылысы «кілтті» шартпен жұмыс атқарады және шеф-монтаж, эксплуатацияға жол, персоналдарды оқыту және кепілдемелік қызмет көрсетулерді атқарады.

Құрылысы жүргізіліп жатқан аталмыш зауыт Қазақстан Республикасындағы  өз саласы бойынша ең ірі зауыт саналады.

Зауытты іске қосу аясында өнімнің көлемін бес есеге дейін ұлғайту жоспарланған, сол арқылы оның 40 пайызын экспортқа шығармақ.

Сұхбат

PhotoRoom