Жамбылдық диқандар қант қызылшасын өсіруді қайта жаңғыртуда

Аймақ
11.08.2016, 21:55

e3a7ef22b8cfa97848e88b0309dbaffa_xlБүгінде ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінен ең негізгісі бұл қант қызылшасы болып отыр. Биыл отандық шикізаттың қант өндірудегі үлесі 20 пайызды құрауы тиіс. Сондықтан тәтті түбірді өсіру, оның көлемін ұлғайту және өнімділігін арттыру облысымыздың маңызды стратегиялық саласы болып қала бермек. Осы бағытта ауқымды істер атқарылып, бүгін міне үздік шаруашылықтардың жұмысымен танысып, жаңа технологияларды меңгеру мақсатында Меркі ауданында облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Қант қызылшасы – бабы мен күтімі келіссе мол өнім беретін өсімтал дақыл. Мұны қзылша өсіруден мол тәжірибе жинақтаған шаруашылықтар жақсы біледі. Меркі ауданындағы алдыңғы қатардағы «Сыпатай батыр» шаруа қожалығының егіс алқабында өткен жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығымен Байзақ, Шу, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарының салаға жауапты мамандары мен қожалық жетекшілері қатысты. Олар семинар барысында еліміздегі  балтамыр өсіруден үздік деп танылған Алматылық «Август» және «Алем Агро» ЖШС-нің қант қызылшасы дақылын қорғау жүйесі бойынша кешенді бағдарламаларымен танысып, өз ойлары мен тәжірибелерін ортаға салды.

Қанат Шайхиев, «Сыпатай батыр» ЖШС директоры

100 га алқапты жаңбырлатып суару әдісін пайдаланып суарып жатырмыз. Мына өздеріңіз көріп тұрған ДДА 100 техникасы. Тиімділігі өнімді, қол судан екі есе өнім береді

Жалпы биыл бал түбір тұқымын алуға облыс қазынасынан 220 млн теңге жұмсалып, жоғары сұрыпты франциялық «Аватаж» тұқымы сатып алынды. Тұқым себуге арналған облысқа тиесілі 244 техниканың межелі уақытта жұмысты атқара алмағандықтан сала мамандар тағы да 200 млн теңгеге 5 бірлік техника алды. Жоспарға сәйкес, 5,6 мың гектар жерге қант қызылшасы егілді.

 Нұржан Нұржігітов, «Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының» басшысы

Келесі жылға біз өзіміздің жоспарларымызбен бөлістік. Екінші барлық шаруа қожалықтар қыста демалады. Сондықтан қант қызылшасын өсіру, оны күтіп баптау, мол өнім алу мақсатында кәсіби сала мамандарын шақырып, ғылыми тәжірибе бөлісу. Біз осы бағытта жұмыстар атқаратын боламыз.Биылғы өнімге алдын ала таксация жасалды.

Иә, жұмсалған қыруар қаржы, еткен еңбек зая кетпес үшін ауылшаруашылығы мамандары мен қант зауытының өкілдері бірлесіп шілде айында қант қызылшасының өсіп-өнуі, күтілетін өнімділігіне болжау жасапты. Зерделеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, дән себілген 5,6 гектардан 3880 га ғана сақталған. Әр гектарынан 322 центнерден өнім алынар болса, биыл 125 мың тонна тәтті түбір жиналатын болады. Бұл соңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш саналады.

Сұхбат

PhotoRoom