Жамбылда астық комбайндары шығарыла бастады

Аймақ
11.08.2016, 22:00

lida-360x232Аймақта машина жасау ісі қолға алынды. Шу ауданында Қазақстан мен Беларусь елдерінің бірлескен жобасы – комбайн жасайтын жаңа өндіріс орны пайда болды. Кәсіпорында жылына 100 бірлік техника шығару көзделген. Бүгінде зауыт цехтарынан алғашқы 4 комбайн шықты.

 Комбайн құрастыру ісі Жамбыл облысы мен Беларусь Республикасының Гродненск облысының арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде жүзеге асып отыр. Тың кәсіпорынның ашылуы еліміздегі индустрияландыру бағдарламасы аясында қолға алынып, жаңа жұмыс орындарын ашылуына сеп болды. «Теміржол жөндеу» ЖШС және «Шу локоматив жөндеу депосы»  «Лидагропроммаш» компаниясымен бірлесіп шығарған астық машинасы «ЛИДА 1300»  деп аталады. Жыл басынан бері  өндіріс базасы қажетті құралдар, техникалармен толықтай жабдықталды. Жергілікті тұрғындардан 18 адам жұмысқа орналасып, бүгінгі күнге техниканың 4 бірлігі құрастырылып үлгерді. Бірер күнде танап басына жол тартпақ.Мұнда 3 күнде  1 комбайн құрастырылады. Зауыт биылғы жылдың соңына дейін  50 дана комбайн шығаруды жоспарлап отыр. Және бұл егін жинайтын техникаларды «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шаруаларға лизингке беру мәселесі қарастырылуда.Осыған орай, өндіріс базасында  Беларусь елінің компаниясы тарапынан «Теміржол жөндеу» ЖШС мамандары оқытылып, оларға практикалық сабақтар өткізілуде.

  Витольд Павлюкеевич  «Лидагропроммаш» компаниясының инженері

Бұл техникалардың түп нұсқасы  - әлемдік нарықта арзан әрі сапалы машина саналатын "Кейс" неміс комбайндары. Сағатына 12-13 тонна егін оруға, секундына 9-11 тонна дәнді-дақылдарды сұрыптауға қауқарлы. Жанар-жағармайға келер болсақ, тоннасына 3-4 литр жұмсалады.

Сұхбат

PhotoRoom