Таразда жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

Аймақ
11.08.2016, 22:09

ERA_6721Тараз қаласының отын-энергетика кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік нысандарын 2016-2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысын пысықтау мақсатында штаб отырысы өтті.

Жылу беру бойынша дәл қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстар, кездесіп отырған проблемалар мен оны шешудің жолдары талқыға түскен жиынға облыстық штаб мүшелері, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен отын-энергетика кешені кәсіпорын басшылары қатысты. Басқосуда қала әкімінің орынбасары  Мақсат Ахаев алда келе жатқан қаһарлы қыс бейқамдықты көтермейтіндігін, сондықтан жылыту маусымына дайындықты пысықтап отыру қажеттігін түсіндіріп өтті. Мұнан соң қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықов шаһардағы нысандардың алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы хабарлама жасады.

Бақытжан Жақсылықов, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» басшысы

Бүгінгі таңда  қаламыздағы 15 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысы 80 пайыз кейбірінде 90 пайызға дейін аяқталып қалды. Биылғы жөндеу жұмыстарына 186 миллион теңге қарастырылған. Жұмыстардың барлығы кестеге сай атқарылып жатыр. Шарт бойынша 1-ші қазанға дейін барлық жұмыс аяқталуы тиіс

Басқосу барысында «ТаразЭнергоОрталық» АҚ бас инженері Арман Бектібаев, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының және «Тараз-Су» мекемесінің басшылары өздері басқаратын кәсіпорындардың 2016-2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысын баяндап берді.

Сұхбат

PhotoRoom