Тараз қаласындағы мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық барысы қарқынды жүріп жатыр

Аймақ
11.08.2016, 22:26

Тараз қаласындағы мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық барысы қарқынды жүріп жатыр. Алғашқы қоңырау соғылар сәтке бір айдан аз ғана уақыт қалды.

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 106 мекеме бар. Оның 58 мектеп, біреуі кешкі мектеп және 43 балабақша, 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мен 3 қосымша білім беру ұйымдары. 2016-2017 оқу жылында 1 жаңа мектеп ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл - «Кірпіш Зауыты» алқабындағы 300 орынды орта мектеп.

   Уалихан Байдуанов, «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» басшысының орынбасары

 Білім мекемелерінің қатарында биылғы оқу жылында жаңадан 1 ғимарат пайдалануға беріледі. Ол мынау көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселе болатын. Қазіргі уақытта қаражат қарастырылып, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Осы қыркүйектің 1-ші жұлдызында пайдалануға беріледі. Ол – Құмшағал шағын ауданындағы №19 негізгі мектептің ғимараты. Бұл жерде 600 оқушы білім алады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар біз Ы.Сүлейменов атындағы №37 мектептің  күрделі құрылыс жұмыстарымен танысып қайттық. Ғимарат қазан айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ол уақытқа дейін бұл білім мекемесінің оқушылары жақын маңдағы №26 мектепке уақытша көшіріледі. 1-ші және 11-ші сынып бойынша 480 балаға арналған мектептің құрылысына республикалық бюджеттің есебінен 131 млн 479 мың теңге қарастырылған.

 Әлібек Орынбаев, құрылыс басшысы

23 маусым №37 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын бастадық. «Арманұр» ЖШС жұмыс істеп жатырмыз. 52 жұмысшы қамтылып жатыр. Жұмыс толығымен, сапасымен істелуде. Терезелердің барлығы пластикке, шатырлар басқаға ауыстырылып, 80 пайыз толығымен дайынбыз.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін білім беру мекемелерінің барлығында жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты №7 және №24 гимназияның, №32, 37, 56 орта мектептің оқушылары да басқа мектептерге уақытша орналастырылатын болады. Қазіргі таңда осы мәселеге байланысты ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 10 білім мекемесін ағымдағы жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 114 млн 827 мың теңге қаражат қарастырылып, маусым айынан бастап жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады.

   Қуаныш Кенеев, құрылыс басшысы

Мектепте құрылыс жүргізіп жатқан 140-150 адамдай. Жоспар бойынша келісімшартта көрсетілген 4 айда бітіруді жоспарлап отырмыз. Қазір негізгі жұмыстардың барлығы мектептегі сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары, электр, су, жылу жүйесі толығымен ауысады

Білім бөліміне қарасты 8 білім мекемесін күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 1 млрд 223 млн теңге қаражат қарастырылған болатын. Міне, қазіргі уақытта қаламыздағы бірқатар нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

   Білім мекемелерінде жылыту маусымына дайындық да жүргізіліп жатыр. Қыз мезгілі кезінде «Жамбыл-Жылу», «Таразтрансэнерго», «Тараз-Теміржол-Жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мекемелерге жылу тасымалдайды. Ал, №58 және 59 мектеп жеке пеш арқылы жылытылады. Жылу жүйелерін қысым беру арқылы тексеру жұмыстары – 90, төлқұжатын алу жұмыстары – 40 пайызға орындалған. Аталған жұмыстар 10 тамызға дейін толығымен аяқталады дейді мамандар.

Сұхбат

PhotoRoom