Жамбылда «Мемлекеттік тілге құрмет – әрбір азаматқа міндет» тақырыбыында жиын өтті

Аймақ
11.08.2016, 22:31

123«Мемлекеттік тілге құрмет – әрбір азаматқа міндет». Осындай тақырыппен Байзақ ауданында жиын өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарға аудандық мекеме басшылары қатысты.

Бүгінгі таңда сыртқы көрнекті ақпараттардың мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі  ақпараттардың жүйелі сипат  алмауы қоғамда жиі  сынға ұшырап, халық наразылығын тудыруда. Осы жағдайлардың алдын алуға бағытталған семинарда  көрнекі  ақпараттар  мен жарнамалардың  сауаттылығын қадағалау,  олардың қолданыстағы заңнама талаптарына  сай  әзірленуіне  әдістемелік  көмек көрсету  мақсатында үгіт насихат, түсіндіру  жұмыстары  талқыланды.

   Ғалия Боранбаева, «Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының» басшысы

Өткен жылғы зерделеу нәтижесі бойынша ауданда 171 мемлекеттік мекеме тексерістен өтіп оның 68 - інде қателіктер бар екендігі анықталған. Бірінің идеологиялық тұрғыдан мағынасы ескірген болса, кейбір көше атаулары мүлдем жоқ.

   Алтын Әбдірахманова, «Жамбыл облыстық тілдерді оқыту орталығының» әдіскері

ҚР-ның «Тіл туралы» заңының  орындалуын жүзеге асыру , тіл  сауаттылығын мен мәртебесін  тіл мәдениеттін  қалыптастыру бүгінгі семинардың басты мақсаты. Сонымен жиын барысында аудандағы сыртқы көрнекі  ақпараттарды  заңнама  талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын реттеу, және мемлекеттік мекелер арасындағы құжаттарды рәсімдеуде ескерлетін қағидалары туралы кеңінен айтылды.

Сұхбат

PhotoRoom