Әкімдіктерге берілген тапсырмалар

Жаңалықтар
17.07.2014, 10:19

 

Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшыларына арналған семинар қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Кеңесте облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары қатысқан екі күндік семинар-кеңестің қорытындысы жасалып, сайланған ауыл әкімдерін қоса алғанда, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру, орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктердің айырмашылықтары, сондай-ақ, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу мәселелері талқыланды.

Президент Әкімшілігінің Басшысы әкімдіктердің жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жоюға және Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин келгелі үш облыстың әкімі ауысып, жергілікті органдардың жұмысы қатаң бақылауға алынған болатын.

 

Сұхбат

PhotoRoom