Шымкентте жылу маусымына дайындық 1 қарашада аяқталады

Аймақ
20.08.2016, 00:11

ERA_6721Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен кезекті мәжіліс өтті. Күн тəртібінде қаладағы өзекті екі мәселе қаралды. Олар Шымкент қаласының жылу маусымына дайындығы мен жұмыссыздық мəселелері.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков  жылу маусымына биыл 575 млн.тг қарастырылғанын мəлімдеді. Ол аталған қаржының қазандықтардың жөндеуі мен жылыту жүйесін қайта құру мен изоляциялауға жұмсалатынын жеткізді. Сондай-ақ ол аталған жұмыстар кестеге сəйкес жүргізіліп, 1 қарашаға дейін аяқталатынын мәлімдеді.

Екінші мəселе бойынша шаһар басшысына Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрайтыны жеткізілді. Аталған бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Халықты жұмыспен қамту жоспарына сай үстіміздегі жылдың 7 айында 11 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылыпты. "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасының аясында 1522 адам жұмыс орындарына жіберілді, бұл белгіленген меженің 131,2% құрайды. Сонымен қатар, 160 адам 3 айлық білімін жетелдіру курстарына 5 мамандық бойынша жіберілді. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 562 қала тұрғыны тартылды.

Мәжілісті қорытындылаған қала əкімі аталған салалардың маңызды екенін жеткізді. Жауапты мамандарға жоспарланған жұмыстарды тиісті деңгейде атқарып, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom