ОҚО-да шардаралық диқандар жүзім шаруашылығын дамытуда

Аймақ
20.08.2016, 21:48

14051650_1038806446235694_6940579508198461637_nОңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының диқандары жүзім шаруашылығын қолға алуда. Бұған дейін күріш пен мақта егіп келген  шардаралықтар, енді көп жылдық екпелерге көңіл бөле бастады. Мәселен, соңғы бір жылдың көлемінде Тұрысбеков ауылдық округінде 220 гектарға, Жаушықұм ауылында 55 гектарға, Қоссейіт ауылында 13 гектарға жүзім көшеттері отырғызылған. Жүзімнің «тайфи розовый» сортын еккен шаруалар өнімді үш жылдан соң алатынын айтуда. Ал ауданда 209 гектар жерге егілген жүзім алқабынан бүгінде өнім жиналуда. Қәзіргі күнге гектарына 35 цн өнім алған диқандар 731,5 тонна жүзім жинаған.

Сонымен қатар, аудан тұрғыны А.Ибадуллаев 10 гектар алқапқа алманың «Павлинка» деп аталатын сортын 13903173_1038807776235561_5560620181326747915_nөсіруді қолға алған. Ал бүгінге дейін ауданда 70 гектар жерге егілген алма баудан гектарына 25 цн. өнім түсіп, жалпы 175 тонна алма терілген.

Шардаралық шаруалар 2010 жылдан бері жалпы көлемі 1097 гектар жерге егілген бау-бақшадан мол өнім жинап келеді. Бұдан түсер пайданың мол екеніне көзі жеткен диқандар бау-бақшаны дамытуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жиналған өнімдер ауданның ішкі нарығына шығарылуда. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдаулар көрсетіліп, көп жылдық екпелерді дамыту жұмыстары жалғасын табатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom