Жамбылдық сүт өндірушілер бір бренд төңірегінде өнім шығармақ

Аймақ
20.08.2016, 22:28

7e1bbdb6c94ab3980e7c1715cd5570c7_MҚазір облыста сүт пен ірімшіктің түр-түрін өндіретін 17 кәсіпорын бар.  Бұл тауарлардың маркалары ішкі нарықта соншалықты танымал болмаса да, сапасы жағынан шетелдік өнімнен кем емес.  Ультрапастерленген сүт дәмді, пайдалы, әрі сұранысқа ие. Кәсіпкер Әбдібек Пошқаевтың айтуынша, тауардың бұл түрін шығару соншалықты тиімді емес. Себебі әр 1 литрлік пакеттен небары 5 теңге табыс түседі.  Ал ораманың өзі сүттен де қымбат. Бұған қаптау, жұмыскерлер жалақысы, құрал-жабдыққа жұмсалған

фото: kazakh-zerno.kz

несиенің құнын қоссаңыз шығынның шаш етектен екенін түсіну қиын емес.  Сондықтан бизнесмен сыр, ірімшік пен майдан түсетін қаражатқа күн көреді екен. Бұл өнімді де шағын дүкендерде арзан бағамен саудалауға мәжбүр. Ал гипермаркеттердегі танымал өнімдермен бәсекелесу қиынға түседі.

Әбдібек Пошқаев, сүт өндіретін компания директоры  -Қазір заман талабына сай гипермаркет, супермаркет – олар біз үшін проблемный нарселер. Ал егерде бәріміз бір брендпен жұмыс істесек, біз үшін ол – қолайлы нәрсе.  Аймақтағы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге көмекке келді.

Егер сүт өндірушілер бір бренд аясында біріксе, нарықта бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік бар. Тауарды көптеп сатуға да тиімді. Оған жету үшін өндірушілер бір стандарт негізінде жұмыс істеу керек. Орынбасар Мешелов бұл бастаманы бірден қолдаған кәсіпкер.

Орынбасар Мешелов, шағын сүт зауытының жетекшісі -Мен жаңа құрал-жабдық қойып, ертең шетелге шығаратынымызға сенімдімін. Себебі мен алған кұрал-жабдықтарым тура келеді деп ойлаймын. Менің ашылғаныма 1,5 ай болды. Мен соны сәйкестендіріп істеп отырмын.

Мұрат Әсілбеков, облыстық аулы шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары -Әрине, енді олар бір бренд негізінде тауар өндірулері керек. Шикізат өнім бойынша бірыңғай стандарт болғаны жөн. Сол үшін қолайлы жағдайлар жасалған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша да жеңілдіктер қарастырылған. Мемлекеттің қолдауы бар, тек  дұрыс менеджмент керек.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері тиімді менеджментті сүт өндірушілер қауымдастығы қамтамасыз ете алады деген пікірде. Оны тек жүйелі жүзеге асыру. Сонда ғана тұтынушы «Жамбылдық брендті» таңдайды,-деп жазады khabar.kz.

 

Сұхбат

PhotoRoom