Жамбыл облысында кен өндіру өнеркәсібі саласында өсім байқалуда

Аймақ
21.08.2016, 20:09

dccbe1c4aa3846456aea3a02af56a5e7_MЖамбыл облысында 2016 жылдың қаңтар-маусымында 162,4 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 103,2%. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 3 пайызға (15,7 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібінде 10,7 пайызға (117,3 млрд теңге) өсуі байқалады. 2016 жылы ИИДМБ шеңберінде жалпы инвестиция көлемі 15,7 млрд теңгеге 380 жаңа жұмыс орны құрылатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде құны 3,7 млрд теңгеге 175 жаңа жұмыс орны құрылған 3 жоба іске асырылды («ОАҚК» ЖШС Меркі филиалы шырын тазалайтын цехты қайта жаңғырту, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС мал шаруашылығына арналған қоспажем өндірісі бойынша зауыт құрылысы, «ОңтүстікХалалТағамдары» ЖШС Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өндірісін құру). Дереккөз: strategy2050.kz

Сұхбат

PhotoRoom