Жамбылда 9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Аймақ
21.08.2016, 20:26

52dae304041f6ff1fc444778fb8a163d_MЖамбыл облысында осы жылдың қаңтар-маусымында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 12777 адам қамтылды. Оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларда – 852 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 436), мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына – 6073 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 1813) жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1152 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 681), жастар практикасымен – 1267 адам қамтылды (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 714), ақылы қоғамдық жұмыс орындарына –2864 адам, кәсіби оқытуға 445 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 275) бағытталды.   Шағын несие 124 адамға берілді (Жұмыспен қамту жол картасы-2020 шеңберінде – 124). 2016 жылдың 1 шілдесіне уәкілетті органдарға 13215 жұмыссыз жүгінген. Оның ішінде 9344 адам жұмыспен қамтылды (жұмысқа орналасу деңгейі –70,7%). Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 1 шілдесіне жыл басындағы 0,3% пайызға қарсы 0,8% құрады.  Дереккөз: strategy2050.kz

Сұхбат

PhotoRoom