Оңтүстікқазақстандықтар Олимпиадаға қатысқан спортшыларды қарсы алды

Аймақ
24.08.2016, 00:43

14064011_1041570829292589_1540577467676411243_nШымкент қаласындағы халықаралық әуежайдан Оңтүстік жұрьшылығы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды қарсы алды. Төрт жылда бір келетін додада ел қоржынына медальді алғашқылардың бірі болып облысымыздың мақтанышы Галбадрах Отгонцэцэг салса, ауыр атлетикадан 1 күміс медальді жерлесіміз Жазира Жаппарқұл салды. Осылайша үш миллионға жуық тұрғыны бар халықтың мерейі артып, қуанышқа бөленді.

Салтанатты шараға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарында өңір спортшылары бар мүмкіндігін көрсете білгенін айтып, облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізді. «Рио төрінде өткен жазғы Олимпиада ойындарына облысымыздан 21 спортшы14089297_1041578755958463_5784517238503888174_n қатысты. Бұл спорттық сайыста спортшыларымыз өз мүмкіндіктерін көрсетті. Елміздің қоржынына алғашқы қола медаль сыйлаған жерлесіміз Галбадрах Отгонцэгцэг ерлігін бүкіл әлем мойындады. Ал, Жазира қызымыздың күмісі алтынмен пара-пар.Жазираның Олимпиада төрінде жасаған үлкен ерлігі, қайраты мәңгілік деп ойлаймын. Спортшыларымыздың арқасында, жоғары деңгейдегі әлемдік спорттық додада еліміздің көк байрағы желбіреді»,-делінген құттықтау хатта.

14021719_1041578839291788_2056341764602956123_nАйта кетейік, 2016 жылдың 5-21 аралығында XXXI жазғы Олимпиада ойындарына 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысып, 28 спорт түрінен 306 медальдар комплектіне сайысқа түсті.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасынан 25 спорт түрінен 105 спортшы қатысты. Оның ішінде спорттың 10 түрінен 21 облысымыздың спортшылары. Бұл тартысты бәсекеде Қазақстан 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальды жеңіп, жалпы командалық есепте 22 орынға қол жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom