Меркідегі шағын су электр станциясы 100 нысанды жарықпен қамтып отыр

Аймақ
26.08.2016, 23:44

1471839633_img_4536Бүгінде әлем бойынша энергия қуатын жаңартылмалы және баламалы көздерден өндіру қолға алынғаны баршамызға белгілі. Бұл біршама қолжетімді әрі қоршаған ортаға еш зиянсыз. Меркі ауданында орналасқан "Гидроэнергетикалық компания" ЖШС осы істі қолға алып, жұмыстарын ілгері жылжытып отыр,-деп хабарлады zhambylnews.kz.

Судан электр қуатын өндіретін нысан 1998 жылы іске қосылған. Бүгінде серіктестік 100 тұтынушымен жұмыс жасайды. Оның ішінде аудандық емхана және Меркі шипажайы, т. б. бар. Бір қызығы, станция аудан аумағында орналасса да, шалғайдағы нысандарды да жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Мысалы, Тараз қаласындағы "Жамбыл" және "Тараз" қонақүйлері электр қуатын дәл осы ГЭС-тен алады. Өндірілген электр энергиясы тұтынушыларға ЖЭС желілері арқылы келісім-шарт бойынша таратылады екен.

Жоба бойынша қуаттылығы 1,5 мегаВатты құрайтын станцияда электр энергиясының бағасы заңды тұлғалар үшін -17, 40 теңге болса, жеке тұлғалар үшін 11, 61 теңге.

 - Біз осы іспен айналысуды алғашқылардың бірі болып қолға алдық.  "Жасыл экономика" бағытында жұмыс жасаймыз. Су жетіспеушілігі  сияқты мәселелер жоқ деп айтуға болады,-дейді ЖШС директоры Бедел Мырзабаев.

Былтыр толықтай су жаңа құралдармен жабдықталған нысанда 30 адам еңбек етеді. Жұмысшылардың айлығы орташа есеппен 80 мың теңгені құрайды. Станция ағымдағы жылдың 6 айында 5266 кВт. сағ. энергия өндірген.

Сұхбат

PhotoRoom