Жамбылда қалбырдағы ет өнімдері шығарыла бастады

Аймақ
27.08.2016, 00:21

1471849720_img_4688Жамбыл облысындағы Меркі ауданында «Меркі Ет» ЖШС-гі қалбырдағы ет өнімдерін шығаруды қолға алды. Таяуда ғана өнімнің 5 мың данасы Алматы қаласына жіберілді.  Қазығы 1985 қағылған нысан 1987 жылы іске қосылып, 10 жыл көлемінде қарқынды түрде жұмыс жасаған. Алайда, 1996 жылдары тоқырауға ұшырап, комбинат біршама уақытқа жабылуға мәжбүр болған. Тек 2008 жылдары серіктестік ісі қайта жанданып, 2011 жылы Иранға 400 тонна қой етін жөнелтеді. Ал екі жыл бұрын толықтай жаңғыртылып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылды,-деп хабарлайды zhambylnews.kz.

Бүгінде комбинат күніне 10 тонна, тапсырысқа қарай 20 тоннаға дейін ет экспорттауға қабілетті. Бұл үшін бір уақытта және бір-біріне тәуелсіз жұмыс жасайтын ұсақ және қара малдарды сою алаңшасы  жұмыс жасайды. Сыйымдылығы 360 тоннаны құрайтын тоңазытқыш та бар. Еттің сапасын тексеретін лабороторияның іске қосылғанына биыл үш жыл болыпты. Мұнда күніне 70 адам еңбек етеді. Серіктестіктің ендігі алға қойып отырған мақсаты – қуаттылығы жылына 250 тонна шұжық және 262 мың қалбырдағы ет өнімін шығару. Бүгінде қалбырдағы еттің алғашқы партиясы Алматыға жіберіліп, енді Тараз нарығына шығу жоспарлануда. Жоба 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында толықтай қуаттылығына шығады деп күтілуде, ол кезде жұмысшылар саны 140 адамға дейін артатын болады.

«Бізге Меркі, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары ұсақ және ірі қара малдарын өткізеді. Қой еті 1000, сиыр еті 1200 теңгеден қабылданады. Ақшасы қолма-қол беріледі»,-дейді комбинат меңгерушісі Абылай Райсов.

Сондай-ақ, шаруа қожалығына тиесілі мал бордақылау алаңында 3000 бас ірі қара өсірілуде. 

Сұхбат

PhotoRoom