Жамбылда Конституция күніне орай әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Аймақ
30.08.2016, 00:24

1472463046_image001Бүгін Жамбыл облысында Конституция күніне орай білім нысандары және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған «Арай» тұрғын алқабында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тараз, Жаңатас, Масаншы ауылында 280 орындық мемлекеттік және Шу қаласында 200 орындық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде соғылған балабақшалар ашылды.

Жаңа мектепке дейінгі білім мекемелерінде барлық заманауи талаптарға сай ең озық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Балабақшаларда музыка залы, екі спорт залы, бассейн, ойын бөлмелері және алаңдары бар.

Балабақшаның аумағы толығымен  абаттандырылған, бала-шағаның денсаулығына пайдалы саябақ, спорт  және ойын алаңдары бар.

Жалпы Конституция күніне орай, заманауи үлгіге сай «Нұрлы жол» бағадарламасы аясында және жерғілікті бюджет есебінен 5 жаңа мектеп, 4 балабақша іске қосылды.

Сонымен бірге,  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған Тараз қаласындағы «Арай» тұрғын алқабында 80 пәтерлі тұрғын үйдің кілттері тапсырылды. Тұрғын үйдің құрылысын жүргізген «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын 2015 жылы бастаған.

Жыл соңына қарай жергілікті атқарушы органда тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға тағы 80 пәтерлі тұрғын үйдің кілті тапсырылады.

Сондай-ақ, «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.

Өңір жұртшылығы қатысқан салтанатта сөз сөйлеген облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев биыл Конституция күні ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығы аясында өтуін, еліміздің тарихындағы бұл айтулы күндер бір-бірімен тығыз байланыстығын айтып кетті.

- Біз барын бағалап, қымбатын қадірлей білген елміз. Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау» - деп атап көрсеткендей, Ата заңды құрметтеу – ұлттың ұлы парызы. Конституцияның әрбір сөзін бұлжытпай орындау әрбір қазақстандықтың міндеті, - деді облыс басшысы.

Шараның аясында Кәрім Көкірекбаев Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында еліміздің туын желбіреткен Жамбыл облысының спортшыларын қошаметтеп күміс жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметовқа жеке алғысын білдіріп, «темір тұлпарлардың» кілтін табыстады.

Жиынның соңында бір қатар мемлекеттік қызметшілері облыс әкімінің Құрмет және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom