Жамбылда 569 азамат мемлекеттік тестілеу сертификатын алды

Аймақ
01.09.2016, 00:53

SAM_1146Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлының қатысуымен брифинг өтті. Т.Н.Еркебаевтың хабарлауынша бес институционалдық реформаның ішінде маңыздылығы бойынша бірінші кезекте тұрған – экономикалық реформаларды сапалы іске асыратын және мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған реформа.

-Бұл реформа мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыруға, қоғамда бекіп қалған стереотиптерді бұза отырып, мемлекеттік қызметтің жағымды имиджин қалыптастыруға, сондай-ақ  мемлекет пен азаматтардың арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын культивациялауға бағытталған кешенді өзгерулерді көздейді.

-Бұл үшін мемлекеттік қызмет саласындағы жіберілген кемшіліктерге талдау жүргізіліп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде елдің 30 дамыған мемлекеттер қатарына ену және жаһандық тегеурінді талаптарға төтеп беру тетіктері мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жаңарту барысында ескерілді.

Осылайша, 2013 жылдың 23 қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңы қабылданып, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Заңның талаптарын және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді практикалық іске асырудың кезеңі басталды. Сонымен қатар "Ұлт жоспарының" бірінші қадамын іске асыру мақсатында: Заңның

28- бабының 1 тармағымен мемлекеттік қызмет лауазымына орналасуға арналған азаматтар арасындағы жалпы конкурстың «Б» корпусының төменгі болып табылатын бос лауазымдарына өткізілетіні айқындалған.

Бұл норма мемлекеттік қызметке төменгі лауазымдардан бастап қабылдауды реттейді. Осылайша, 1 жартыжылдықтың ішінде облыста мемлекеттік органдар барлығы 263 бос лауазымдарға 40 жалпы конкурс жариялады. Осы конкурстарға 320 (жао-256, омо-64) үміткер қатысып, нәтижесінде 142 жеңімпаз (жао-115, омо-27) анықталды.

Екінші қадамға сәйкес төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеуді және одан әрі лауазымдық өсіруді ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асыру үшін, қазіргі таңда Департаментпен тұрақты түрде мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтеріне мансаптық моделді енгізуге бағытталған әдістемелік көмектер  берілуде.

Үшінші қадамға сәйкес енді мемлекеттік қызметке алғаш рет кіру үш кезеңдік конкурстық іріктеу: тестілеу, біліктілігін (тиімді жұмыс үшін қажетті білім, білік, дағдылар) қоса алғанда, жеке қасиеттерін бағалау және мемлекеттік органдағы әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте алғашқы екі кезең мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен орталықтандырылған түрде өткізілуде. 6 айдың ішінде тестілеуден өту мақсатында барлығы 1402 азамат өтініш білдіріп, олардың ішінен тестілеудің шекті мәнінен өткен 569 адамға (40,6%) тестілеу сертификаттары берілді. Сондай-ақ, осы кезеңде барлығы 643 үміткер жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен өткізіліп, тиісті қорытындылар берілді.

Сонымен бірге 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау қызметіне алғаш кіретін азаматтар Министрлікте олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, тестілеуден өтуі жаңашылдық болып табылады. Бұл үшін қазіргі таңда тестілеу орталығын кеңейту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр - деп хабарлады Т.Н.Еркебаев.

 

Сұхбат

PhotoRoom