Қарағанды облысында радикалды исламистер сотталды

Жаңалықтар
22.07.2014, 17:43

Жезқазғанда радикалды исламистер ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айрылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының канцеляриясына сілтеме жасап. Олар  сот шешімімен жалпы колониялық режимде 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылды. 

Облыстық соттың мәліметінше, 20 мен 40 жас аралығындағы радикалды исламистер жергілікті тұрғындарды Сириядағы соғысқа қатысуға шақырған. "Тұрақты жұмысы жоқ төрт ер кісі дінге әбден сеніп кеткен және мешіттеке үнемі барып тұрған. Олар Жезқазған және Сәтбаев қаласының жастарын Сирияға джихад жасауға шақырған. Төрт сотталушы да жастармен мешітте танысып, оларды Сирияға баруға үгіттеген", - деп хабарлайды облыстық адвокаттар коллегиясы,төрт сотталушыны қорғап отырған өкілдер.

"Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Біз соттың бұл шешіміне қарсылық білдіруіміз мүмкін, өйткені олардың кейбірі өздерінің кінәсін мойындаған жоқ, ал кейбірі тек жартылай ғана мойындады", - деп хабарлады адвокаттар коллегиясы

 

Сұхбат

PhotoRoom