Головкин 36-шы жеңісіне қол жеткізді

Жаңалықтар
11.09.2016, 11:48

20160911083845Лондонда О2 аренасында орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF нұсқаулары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) британдық Келл Брук (36-0, 25 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп жазады Sports.kz.20160911083821

Головкиннің жойқын соққыларынан кейін британдық бапкер бесінші раундта рингке сүлгі лақтыруға мәжбүр болды.

Бұл - Бруктың кәсіби рингте өткізген 37 жекпе-жегіндегі алғашқы жеңілісі. Головкин 36-ыншы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, жерлесіміз осы жеңісі үшін 3 миллион фунт стерлинг (4 миллион доллар) гонорар алды. Сол секілді Брукте дәл осындай табысқа кенеледі. Бұл рекордтық сома. Бұған дейін Головкин ең көп табысын Доминик Уэйд пен Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектерінде алған. Ол кезде гонорар көлемі – 2 миллион доллар болған еді.

Сұхбат

PhotoRoom