Жамбылда соңғы 10 жылда 4,5 миллион шаршы метрлі тұрғын үй салу жоспарлануда

Аймақ
16.09.2016, 12:38

img_7489Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жол»  бағдарламасының Жамбыл облысындағы орындалу барысы туралы брифинг өтті. Брифингке  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Евгеньевич Шарыгин, облыс әкімдігінің құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ахатаев Әділет Бегалыұлы. А.Ә.Бегалыұлының айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қуатын барынша пайдалану мақсатында, ағымдағы жылы  «Нұрлы жол»  инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін кредиттік тұрғын үй құрылысына  қаражаттар бөлінді.

-Осы бағдарламаның ерекшелігі  –  құрылысқа қаражат Ұлттық қордан бір ақ  рет 20 жыл мерзімге арнап бөлінеді. Әрі қарай қаражат 2 жыл ішінде айналымға түсіп, банк салымшылары тұрғызылған тұрғын үйлерді сатып алғаннан кейін құрылысқа қайта пайдаланылатын болады. Осы мақсаттарға небәрі 149 млрд. теңге бөлінген. Оның:  22 млрд. теңгесі  Банк салымшыларын кредиттеуге жіберілсе, 127 млрд. теңгесі  «Бәйтерек» басқарушы Холдингіне әлеуметтік тұрғын үй құрылысы үшін жіберіледі.  Ақшалар  екі бағыт бойынша: 67 млрд. теңгесі жергілікті атқарушы органдары арқылы және  60 млрд. теңгесі  «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы бөлінеді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бөлінген қаражатқа 2 жылда  республика бойынша   14 мың пәтерді құрайтын  814 мың шаршы метрлі тұрғын үй қатары салынатын болады.

Сонымен қатар соңғы 10 жылда 4,5 миллион шаршы мертлі   тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың желісі бойынша салынатын тұрғын үй   біздің салымшылар арасында 50/50 ұстанымы бойынша өткізілетін болады, яғни:  пәтердің 50 %-ы  Банк салымшыларына,  50 %-ы ЖАО кезегінде тұрғандарға беріледі.

Пәтерлер өңірлерді дамыту бағдарламасының сызбасы бойынша орналастырылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша тұрғын үйлерді  іске асыру автоматтандырылған  және   баллдарды есептеу  адами факторды алып тастайтын бағдарламалық қамтамасыз етудің   көмегі арқылы жүргізіледі - деп сөзін түйіндеді А.Ә.Бегалыұлы.

 

Сұхбат

PhotoRoom