ОҚО-да инвесторларды тартуда тың бастамалар бар

Аймақ
23.09.2016, 00:17

x32358d20160328145859Оңтүстік Қазақстан облысында инвесторларды тарту, оларға қолайлы жағдай жасау бағытында тың бастамалар бар. Осындай тың бастаманың бірі ретінде «Ontustik Invest-2016» форумын айтуға болады.

- Негізгі басымды бағыттардың бірі инвестиция тарту болып табылады. Осы мақсатта «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Еуропа және Азия  елдеріне ресми іс-сапарлар ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңға шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда,-деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов бүгін облыстық мәслихат депутаттары алдында жасаған баяндамасында,-деп хабарлайды rgmedia.kz сайты.

Естеріңізде болса, сәуірде өткен «Ontustik Invest» форумына шетелдік компаниялар мен дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдар мен жергілікті бизнес-қауымдастықтардың, сонымен қатар, орталық жергілікті мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың және даму институттарының 600-ден аса өкілі қатысты. ОҚО әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Форум шетел инвесторлары мен жергілікті кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өкілдерінің сұхбат алаңына айналатынына сенім мол.

Б.Атамқұловтың айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 6 айда 54 млрд. теңгеге 117 жоба мақұлданып, 983 жұмыс орны ашылды. Жалпы бағдарлама қатысушылардан бюджетке 6,7млрд. теңге салықтар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 409млн. теңгеге артты.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен» 19 905 кәсіпкерге көмек көрсетілген.

Сұхбат

PhotoRoom