Елордада "Шырайлы Шымкент" фотокөрмесі өтті

Аймақ
26.09.2016, 01:22

14887fb1028321b723d35d1583c81b77_resize_w_520_h_Шымкент қаласының күнін мерекелеу аясында 24-25-қыркүйек күндері Астана қаласындағы «Керуен» СОО-да «Шырайлы Шымкент» фотобайқауына қатысушылардың ең үздің деп танылған суреттерінен көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.kz. 

Екі күнге созылған көрмені тамашалаушылар көп. Елордалықтардың барлығы бірдей Шымкентке барып, оны көздерімен көрмегені белгілі. Ал кәсіби біліктілікпен түсірілшен Шым қаланың шынайы келбетін көрген қала тұрғындары таңданыстарын жасыра алмады.

"Фотокөрменің өтіп жатқанын білмеппін. Серуендеп жүріп көріп қалдым. Керуен ОСО 3 қабатында тұр екен. Танысы бар таныс емесі бар бірнеше фотографтардың жұмыстары қойылыпты. Көбі жастар секілді. Ұнағаны Мақсат Шағырбаевтың фотолары болды. Позитив бар жұмыстарында" - дейді Астана қаласының тұрғыны Данияр Алан.

Оннан астам фотографтың еңбегі қойылған шағын ғана көрмеде Оңтүстіктің көрікті жерлері, қала тіршілігі, адамдар бейнеленген. Тұрар Қазанғапов, Әйгерім Төлбасы, Мақсат Шағырбаев т.б. қатарлы фотографтардың кәсіби шеберлігі еріксіз назар аудартады.

Сонымен қатар, көрмеде көрермен назарына мәскеулік фотограф Дмитрий Чистопрудовтың Шымкент туралы жұмыстар топтамасы ұсынылды.

Baq.kz

 

Сұхбат

PhotoRoom