Жамбылда сүт кластерін дамыту үшін өндірістік кооператив құрылды

Аймақ
26.09.2016, 02:15

sam_1371Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Анабеков Еркебұлан Даниярбекұлының қатысуымен брифинг өтті.

Е.Анабековтың айтуынша, облыста сүт кластерін дамыту сондай-ақ, кооперативтерге шағын шаруашылықтарды біріктіру мақсатында Жаңазеландиялық «Fonterra» және Даниялық «Arla» бағдарламары бойынша Меркі ауданында құрамына 42 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі құрылды.

Алдағы уақытта Өндірістік кооператив төңірегінде 70-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар сүт-тауарлы фермалары құрылатын болады, кооператив олардың төңірегіндегі сүт өндірушілерді, мал азығын дайындаушыларды ұйымдастыра отырып, дайын өнімді өткеру жұмыстарымен айналысатын болады. Бұл мақсатта сүт бағытындағы 1000 бас асыл тұқымды МІҚ малын астып алуды қаржыландыратын шағын несие мекемесі құрылды.Қазіргі уақытта күніне қуаттылығы 50 тоннаға дейін сүтті қайта өңдеу зауытының құрылысына жер бөлініп, жобалық сметалық құжатын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom