Жамбылда ет өндіру саласына жыл басынан бері 286,7 млн. теңге субсидия берілді

Аймақ
26.09.2016, 02:17

1429592086_008Жамбыл облысында ет өндірушілерді қолдау мақсатында жыл басынан бері 286,7 млн. теңге субсидия төленді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Анабеков Еркебұлан Даниярбекұлы мәлімдеді.

Е.Анабековтың айтуынша, ет кластерін дамыту мақсатында ағымдағы жылы 53,1 мың тонна ет өндіріліп өткен жылға қарағанда 1,9 пайызға артты. Ет өндірушілерді қолдау мақсатында жыл басынан бері 286,7 млн. теңге субсидия төленді. Ет өнімдері өндірісін дамыту мақсатында соңғы 4 жылда 24 бордақылау алаңы іске қосылып, 5 жылға белгіленген жоспар артығымен орындалды. Осы бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығы 20,0 мың бас МІҚ бордақылауға мүмкіндік береді. Оның ішінде, 4 бордақылау алаңы әрқайсысы бір мезгілде 3,0 мың бас малды бордақылауға арналған экспортқа бағытталған, дамыған технологиялы алаңдар.Сонымен қатар, ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін шетел инвесторлары тартылуда. Жыл соңына дейін Меркі ауданында  Малайзиялық инвесторлардың өкілі болған «Агростан Фармс» ЖШС тарапынан 3,0 мың басқа арналған бордақылау алаңын,  12 000  бас асыл тұқымды  МІҚ малын табында өсіру және  жылдық қуаттылығы 1 400 тонналық ет өндірісі  кешенінің құрылысын бастайды.

«Мойынқұм ауданында «Мойынқұм Агро» ЖШС-гі 10 000 бас МІҚ малына арналған асыл тұқымды репродуктр құруды  және 3 000 басқа арналған  МІҚ малын бордақылау алаңын салуды қолға алуда (Жобаның құны 1,0 млрд. теңге). Серіктестік тарапынан Ресей Федерациясының Калмыкия өңірінен 1202 бас ет бағытындағы МІҚ малын сатып алды. Кешенді жоспарға сәйкес жаңадан құрылған экспортқа бейімделген бордақылау алаңдары бордақылау контингентімен «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қамтамасыз етілуде. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Меркі ауданындағы «Олжа» және «Қордай ауданындағы «Медет», «Бай-Нұр» шаруа қожалықтарының бордақылау алаңдарына шаруа қожалықтары тарапынан 2500 бас 1 жасқа дейінгі бұқашықтар бордақылауға тапсырылды. Осы бордақылау алаңдары тарапынан жыл басынан бері 380,0 тонна сиыр еті экспортқа шығарылды. Жамбыл ауданында «Халал» стандарты бойынша жылына 1 757 тонна ет өнімдерін өндіру бағытталған кешен «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-мен Біріккен Араб Әмірліктерінің «ADEAS Development» компаниясы қатысуымен жүзеге асырылды. Осы кешенді іске қосу арқылы алдағы уақытта облыста толық циклдағы ет кластерін қалыптастыру қамтамасыз етіліп, ет өнімдерін экспорттау бірнеше есе артатын болады»,- деп спикер брифингті қорытындылады.

 

Сұхбат

PhotoRoom