Жамбыл облысында 591,6 мың тонна масақты дәнді дақыл жиналды

Аймақ
26.09.2016, 02:21

zernoБұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Анабеков Еркебұлан Даниярбекұлы мәлімдеді.

«Өздеріңіз білесіздер, биылғы жылы егілген ауылшаруашылығы дақылдарының  алқабы 594,1 мың гектарқұрап, 5,5 мың гектарға артты. Бүгінгі күні егін орағы аяқталып, 251 мың гектар масақты дәнді дақыл жиналды. Әр гектардан алынған орташа өнім 23,6 центнерді  құрап, 591,6 мың тонна астық бастырылды. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы масақты дәнді дақылдардан жиналған жоғары өнім болғандығынан құлағдарсыздар.

Мен бұдан бөлек қазіргі уақытта жинау жұмыстары жүргізіліп жатқанжүгері, көкөніс және бақша дақылдары мен майлы дақылдар және басқа да дақылдар туралы қысқаша тоқтала кетейін. Үстіміздегі жылы 266,3 мың гектарға(2015 жылы-256,77 мың га.) дәнді және дәнді-бұршақты  дақылдар, 27,3 мың гектарға (2015 жылы-26,1 мың га.)көкөніс, 76,5 мың гектарға (2015 жылы-91,2 мың га.)майлы дақылдар, 5,7 мың гектарға қант (2015 жылы-5,36 тыс.га)қызылшасы дақылы, 10,3 мың гектарға (2015 жылы-10,12 тыс. га)бақша дақылдары, 8,8 мың гектарға (2015 жылы-8,5 мың га)картоп, 198,4 мың гектарға (2015 жылы-198,4 мың га)мал азығыжәне басқа да дақылдар орналастырылды. Қазіргі уақытта 10,3 мың га. бақша дақылы толығымен жиналып, жалпы түсімі-275,7 мың тоннаны, орташа өнімділігі - 266,8 ц/га құраса, 8,5 мың га. картоп дақылыжиналып,жалпы түсімі-185,0 тоннаны, орташа өнімділігі - 216,7 ц/га құрады. Сонымен қатар, 19,4 мың га.көкөніс дақылы жиналып,  жалпы түсімі-473,8 мың тоннаны, орташа өнімділігі -243,7 ц/га құраса, 63,8 мың га.майлы дақылыжиналып, жалпы түсімі-39,5мың тоннаны, орташа өнімділігі - 6,2 ц/га құрады. Сондай-ақ, 2,9 мың га.дәндік жүгері жиналып,  жалпы түсімі-14,9мың тоннаны, орташа өнімділігі - 51,8 ц/га құрап отыр,-деп мәлімдеді спикер.

Е.Анабековтың айтуынша, 3290,1 гектар қант қызылшасы дақылы өнімін жинауды бастау облыс бойынша қазан айының бірінші он күндігіне жоспарланып отыр. Осыған орай, Тараз қаласы мен Меркі аудандарындағы қант зауыттары қант қызылшасы өнімдерін қабылдау дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, 1,447 млн. тонна пішен, 18,6 мың тонна пішендеме және13,6 сүрлем әзірленді.  Өткен жылға қарағанда үстіміздегі жылы мал азығы молынан жиналып отыр. Биыл қыс айларында төрт түлік мал азығымен толық қамтамасыз етеді деп жоспарлануда. Ал, келер жылдың өнімі үшін бүгінгі күнге 15,9мың гектарғакүздік бидай себілсе, оған қажетті 66,1 мың га.сүдігер айдалды. Жалпы облыста егін жинау және күзгі дала жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom