Кентау қаласындағы индустриалды аймақта келер жылы 4 жоба іске аспақ

Аймақ
26.09.2016, 02:41

13423853_1566200977013542_8311566566794412190_nКентау қаласы Елбасымыздың бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізілгеннен кейін көптеген жұмыстар жандана бастады. Қала жаңа кейіпке еніп, өн бойында  өзгерістер пайда болды. Жыл сайын әлеуметтік-экономикалық жағдайы дамып келеді. Мәселен, жеті айда бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдердің жоспары 100,5 пайыз, немесе 33,2 млн. теңгеге артық орындалды. 2015 жылғы осы уақыттағы кезеңмен салыстырғанда қала бюджеті жеке кірістердің өсу қарқыны 105,3 пайызды құрап отыр. Оның ішінде өзіндік жергілікті түсімдер 576,6 млн. теңгеге жоспарланып,  609,8 млн. теңгеге немесе 33,2 млн. теңгеге артығымен орындалып, 105,8 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,7 млн. теңгеге артқан. Ал қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 12519,5 млн. теңгенің өнімін өндіріп,  нақты көлем (индексі) 104,7  пайызды  құрады. Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібінде 84 млн.теңгеге өнім өндірілсе, өңдеу өнеркәсібінде 11495,7 млн.теңгенің өнімі өндірілген.

Кеншілер қаласында 2010-2016 жыл аралығында индустриаландыру картасына жалпы тоғыз жоба (жалпы құны - 11980,2 млн.тенге) енгізілген.  Аталған аймақта бүгінде іске қосылған төрт жобада 255 жұмыс орны құрылып, жоспарлық қуаттылықты игеріп келеді. Ал 2017 жылы жалпы құны 7504,2 млн. теңге болатын 4 жоба іске қосылып,  жаңа 508 жұмыс орны құрылады.

Кентау қаласында жалпы көлемі 25 га жер телімі индустриалдық аймақ құруға берілген.  Индустриалды аймаққа (25 га) 1 419,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп,  1 943,5 млн.теңгеге 4 жобаны іске асырып, нәтижесінде 145 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар индустриалды аймаққа қызығушылық танытып, алдағы уақытта орналасуға ниет білдерген 3 кәсіпкерлермен жұмыстар атқарылуда. Жалпы 1,4 га жер теліміне, 232 млн.теңге инвестиция тарту көзделуде.

 

Сұхбат

PhotoRoom