Шымкенттік студент республикалық «Абай оқулары» байқауынан І орын алды

Аймақ
26.09.2016, 14:42

65Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық «Абай оқулары»  байқауында І орынды Оңтүстік Қазақстан облысының  2 курс студенті Сайдазимова Унсунай Муратқызы иемденді.

Аталған байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттырып, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында   дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шараға облыстық байқауларда топ жарған жастар қатысты. Ұлы Абайдың шығармаларын жатқа айтып қана қоймай, мәнерлеп оқып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті У.Сайдазимованың жеңісімен құттықтап, жоғарғы оқу орнының ректоры О. Аяшевқа құттықтау хат жолдады.

        

Сұхбат

PhotoRoom