Индустрияландыру бағдарламасы бойынша 7 трлн. теңгенің өнімі өндірілді

Жаңалықтар
28.09.2016, 00:42

ec46f922ff5c173dff741ed9a9c2fa86Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Оның айтуынша, индустрияландыру бағдарламасы аясында осы жылдың 8 айында 1,3 трлн. теңгенің өнімі шығарылған. Ал аталған бағдарлама жүзеге асқан кезден бастап енген жобалар жалпы сомасы 7 трлн. теңгенің өнімін өндірген.

Еліміздің экономикасының дамуына серпіліс беріп отырған жобалар ай сайын 160 млрд. теңгеден астам соманың өнімін өндіреді. Биылғы 8 айда іске қосылған жобалар есебінен жалпы 17,5% өңдеу өнеркәсібі құраса, 2010-2015 жылдары іске қосылған жобалар бойынша экспорттық өнім көлемі 1,5 трлн. теңгені құраған.

Сондай-ақ, жобалардың 93 пайызы жеке бизнес есебінен жүзеге асырылса, жалпы сомасы 277 млрд. теңге болатын 26 жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылған.

Брифингте спикер 2015 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу секторының өсімі 100,2%-ды құрағанын және бұл тенденция биыл да сақталып, 8 айдағы көрсеткіш 100,7%-ды құрап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ол бұл көрсеткішке индустрияландыру бағдарламасының қара және түсті металлургия, химиялық өнеркәсіп салаларының арқасында қол жеткізілгенін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom