Жамбылда жылыту маусымы 15 қазаннан басталады

Аймақ
28.09.2016, 22:57

otoЖамбыл облысы бойынша жылыту маусымы 15-ші қазаннан басталады. Қазіргі кезде өңірдегі бюджеттік мекемелер мен қазандықтар қысқы маусымға 98 пайыз дайын. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы мәлімдеді.

Биылғы жылы нысандарды дайындауға бюджеттен 5,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға көптеген жылу жүйелері жаңартылып, тозығы жеткен құбырлар ауыстырылуда. Қазіргі таңда Тараз қаласы бойынша жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары 13-ші қазанға дейін 100 пайыз аяқталады деп күтілуде. Ал жоспарға сәйкес, Тараз қаласындағы 801 көпқабатты тұрғын үйдің 672 сінде қазіргі кезде ыстық су бар. Қалған 129 үйге жөндеу жұмыстары аяқталған соң беріледі. Қысқы маусымға дайындық қазан айының ортасында жоспарлы түрде аяқталса, бюджеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріле бастайды.

"Қазір Жамбыл облысының қазандықтары, бюджеттік мекемелер және басқа да нысандар қазірдің өзінде 98 пайыз дайын болып отыр. Сондықтан, бұл жұмысты біз одан арқарай жалғастырамыз. Үлкен кедергі, проблемалар қазіргі кезде жоқ. Сол себепті 15 қазан күні Жамбыл облысының тұрғындарына, бюджеттік мекемелерге толық жылу энергиясын беруге дайын екенімізді білдіреміз",-деді  Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев.

2014-2015 жылдары аудандық білім ошақтарындағы қазандықтар жарылған еді. Осыған не себеп болды және кім кінәлі? деген сияқты басқарма басшысына тілшілер тарапынан өзекті сауал жолданды. Иә, биылғы қысқы маусымда мұндай жағдайдың орын алмасына кім кепіл? Сондықтан, ол жағдайдың алдын алу үшін қандай да бір шаралар атқарылуда ма?

Бүгінде облыс бойынша жылу жүйелердің тозығы 68-69 пайызға жеткен, осы көрсеткішті төмендету үшін 2020 жылға олар кезең-кезеңімен жөнделуі керек. Сала басшысы облыс орталығы мен аудандардағы жылу желілерінің жөндеу жұмыстары 13 қазанға дейін толық аяқталады деп сендіріп отыр. Сөйтіп, жылыту маусымы 15 қазаннан басталмақ.

Сұхбат

PhotoRoom