Тараз қаласының инфрақұрылымы жақсарып келеді

Аймақ
28.09.2016, 23:01

37_%d1%8e%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%bd%d1%8b%d0%b9_%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%b4%d0%be%d1%81%d0%ba%d0%be%d0%bf_%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%b0Шаһар тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш. «Толчок» массивінде екі көшеге тас төсемелер төселуде. Ол туралы мен Гаухар Рысбай айтып беремін.

Биыл Тараз қаласында жаппай жолдар жөнделуде.Тозығы жеткен 6 көшені жөндеуге қазынадан қыруар қаржы бөлінді. Сонымен қатар бұрын соңды жол салынбаған елді мекендерге тас төсемелер төселуде. Толығырақ Гаухар Рысбай тарқатады.

Ертерек те Байзақ ауданының құрамында болған  «Толчок» массиві 30 жылдан бері Тараз қаласының құрамында. 6000-нан астам халқы бар елді мекеннің 33 көшесі бар болса, оның тек алтауына ғана асфальт төселген екен. Халықтың көптен бергі сұранысына сәйкес биыл тағы да басты Алатау және Естай Жамболатұлы көшелері де қалыпқа келтіріліп, орта және ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Ал бұл әрине жаз бойы шаң қауып, қыс-көктем лай-батпақ кешіп жүретін жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш.

Зибакүл Егемқұлова, Тараз қаласының тұрғыны

25 жылдай осы көшеде тұрып келе жатырмын. Бұрын жолдың бәрі лай-батпақ, көлікпен жүре алмайтын. Әлгі жұмысымызға барсақ, басқа жерлерге екі аяқ киім алып жүретін едік. Енді міне «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы халықтың өтінішін орындап көшемізге жол салып беріп жатыр, рахмет.

Құны 28 млн теңге болатын құрылыстың мердігер компаниясы – жол жөндеуде мол тәжірибеге ие «Karca» серіктестігі. Неміс технологиясы мен техникасын пайдаланған 10-нан астам жұмысшы сапаға баса мән беруде. 5 күн бұрын басталған екі көшенің құрылысы 80 пайызға аяқталды. Кеңейту жұмыстары да жүріп жатыр. Бұрын ені 3,5 ғана метр көшеге жеңіл көліктер сыймай қиындық тудырса, бүгінде 6 метрге ұзартылып, қоғамдық көліктер емін-еркін қозғалуда.

Майра Молдабаева, «Karca» ЖШС-нің директоры

Мықты техникамен жол салып жатырмыз. Асфальттың сапасы өте жоғары деп сенімді айта аламын. Жолдардың өзінің уақыты барғой. Осы жолға 5 жыл бойы өзіміз қарауымыз керек. Сондықтан кепілдік 5 жыл міндетті түрде тұрады. Бір апта ішінде жұмыстың бәрін бітіріп разметка, белгілерін қойып кетеміз деп ойлаймын/

Қалай десек те қалалық мәндегі бұл жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталмақшы.  Оның өзі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тамаша тарту болғалы отыр. Ал тұрғындардың тілегі мұнымен шектелмек емес, елді мекен атауын өзгертіп берсе деген ұсынысы  бар.

Сұхбат

PhotoRoom