Жамбылда отандық медицинаның мүмкіндігі артты

Аймақ
28.09.2016, 23:04

20160523143112Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жеткен жетістігіміз мақтанып айтарлықтай. Қай саланы алмасаңда жыл сайын ілгері басып келеді. Облыстағы бір ғана денсаулық сақтау саласында соңғы 25 жылда 1300-ден астам медициналық нысан  пайдалануға берілген. Жаңа  ауруханалар мен емханалар заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде халқтың  өмір сүру жасын ұлғайтып, ана мен бала өлімін қысқартып, онкологиялық аурулардың азаюына септігін тигізуде. Жалпы  өңір медицинасының ел егемендігі жылдары бағындырған белестері мен жетістігі қандай?

Медицинаның кешегісі мен бүгінгісін мүлдем салыстыруға келмейді. Жермен көктей. Елімізде денсаулық сақтау саласы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Оны медицинаға бөлінген қаржыдан-ақ білуге болады. 2005 жылы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 9,2 млрд теңге бөлінсе, биыл ел саулығын қамтамасыз етуге 40 млрд теңге қаржы қарастырылған. Осындай игіліктердің нәтижесінде өңір халқының өмір сүру деңгейі ұлғайып отыр.

Гүлсім Жақсыбекова, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы

Атқарылған мақсатты шаралардың арқасында салада онкологиялық ауруға шалдығатындар саны 5 есеге азайды. Өйткені, біз қазір онкологиялық ауруды емдеу емес, оның алдын алу жолдарына баса мән берудеміз. Сонымен қатар Адамның өмір сүру жасы ұлғайды. 1992 жылдан адам өлімі 24 пайызға төмендеді. Ана мен баланың өмір сүру деңгейі де артты. 1992 жылдан ана өлімі 48 пайызға төмендесе, нәрестелік өлім 69 пайызға төмендеді.

Денсаулық сақтау нысандарын соғу екпіні де жоғары. Салыстырмалы түрде алатын болсақ,  1991 жылдан 2009 жылға дейін облыста 27 денсаулық сақтау нысаны ашылды.  Ал одан бері 92 емхана мен аурухана соғылды. Олардың қатарында бүгінде ел игілігіне жарап келе жатқан облыстық, қалалық балалар ауруханасымен бірқатар медициналық нысандар бар.  Жаңа орталықтармен  қатар басқа да денсаулық сақтау мекемелері соңғы заманауи құрылғылармен жабдықталуда.

Жұмабай Жайпанов, қалалық №1 аурухананың дәрігері

Қазір расында медицинаны кешегімен салыстыруға келмейді. Бұрын науқастар бізге келгенде оған бүкіл дәрілерді, уколдарды өзің аласың деп біз тек қағаз жазып берумен шектелетінбіз. Ал,  ауыр науқастарды мықты емдеу орталықтарына жолдайтынбыз. Қазір қандай науқас келсе де ұялмай барлық ем шараны жүргізе аламыз. Оған аппараттарымыз да, біздің тәжірибемізде жеткілікті.

Бұрын ауыр науқастар ем іздеп шет елге немесе Астана немесе Алматыға барып ауре болатын. Ал, қазір күрделі оталардың басым көпшілігі өзімізде жасалады. Мәселен, биылғы жылы  облыстық балалар ауруханасында 10 жасар балаға алғаш рет ми ісігіне операция сәтті жүргізілді. Өңірдегі нейрохирургиямен  қатар травматология, кардиология  саласында да заманауи оталар тіліксіз эндоскопиялық жолмен жүргізілуде. Енді ақ халаттылар трансплантологиялық операция жүргізуді  қолға алмақ. Заман талабына сай туындап отырған жаңа міндеттер мен мақсаттарды меңгеру үшін дәрігерлер де үнемі тәжірибе алмасып отырады.

 

Сұхбат

PhotoRoom