Жамбыл облысында полиглоттар форумы өтті

Аймақ
30.09.2016, 22:27

%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d0%b8%d0%b3%d0%bb%d0%be%d1%82%d0%be%d0%b2Ынтымақтастық туралы Меморандум аясында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай облыстағы бірнеше тілді меңгерген полиглот жастар арасында «Көп тіл білу – өмір талабы» атты облыстық жастар форумы өткізілді.

Форумның мақсаты: көптілділікті насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде көп тілді меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсетіп, жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Форум Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының орындауында ұлы ақын Абайдың  қарасөздерін жатқа қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, түрік тілдерінде орындаудан басталды. Сондай-ақ, аудандар мен Тараз қаласындағы бірнеше тілді жетік меңгерген полиглот жастар қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмауы үшін көп тілді меңгеру қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз деген ойларын ортаға салды.

%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d0%b8%d0%b3%d0%bb%d0%be%d1%82%d0%be%d0%b22Үш тілді меңгеріп қана қоймай сол тілде өнер көрсете білетін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Хаби Абылай бірнеше тілде ән шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты.

Елбасының салиқалы саясатының арқасында бірнеше тілді жетік меңгеру бүгінгі күннің басты талабына айналды, оны жүзеге асыруда жастардың белсенділігі жоғары. Аталған форумда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері Әбдуғали Ерғали Рүстемұлы, Мұхтар Нүрила Мұхтарқызы, Каир Бекболат Азатұлы ҮНДЕУ қабылдады. Үндеу барша жастарды көптілді меңгеруге, және де жас полиглоттарды Отанымыздың болашағына деген жауап­кершілік, жарқын болашаққа деген сенімділік, елімізді бұдан да қуатты мемлекетке айналдыруға біріктіреді деп шақырды.

Форумға облыстағы бірнеше тілді жетік меңгерген полиглот жастар, аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары және тіл мамандары, Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары, оқытушылары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, облыстағы БАҚ өкілдері қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom