Сыр өңіріне Жамбыл облысының әкімі бастаған делегация келді

Аймақ
01.10.2016, 23:50

20160930180343Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған бір топ делегация  Сыр өңіріне келді, деп хабарлады inform.kz сайты  Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылдық делегация Байқоңыр ғарыш айлағындағы музей экспозициясы мен «Гагариндік старт» алаңымен танысты.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштану мұражайы 1965 жылдың қаңтар айында ашылған. Мұражай құруды академик, зымыран-ғарыш жүйелерінің бас конструкторы С.П.Королев пен полигон басшысы К.В. Герчик ойластырған. Онда жеті көрініс залы орналасқан. Олардың төртеуі ғарыш айлағының құрылуы мен даму тарихына, екеуі ғарыш айлағы аумағындағы халықаралық ынтымақтастыққа арналған. Ал экспозициялық зал ғарыш саласындағы мекемелер туралы ақпаратты және Қорғаныс министрінің бесінші мемлекеттік сынақ ғарыш айлағының тарихын айқындайды. Қазіргі уақытта мұражайда тарихи-мәдениеттік құндылығы бар он мыңнан аса экспонат орналасқан.

«Гагариндік старт» алаңы - 1961 жылғы 12 сәуірде әлем бойынша тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесінің бортында пилот-ғарышкер Юрий Гагарин ұшқан «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы №1 іске қосу алаңы. Қазір алаң «Союз» ғарыш кемелерінің және 20160930180405«Прогресс» жүк кемелерінің ұшуын қадағалайды.

Жамбыл облысынан келген  делегация Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде болып, ондағы зиярат ету орталығының жұмысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, Қорқыт Ата мемориалдық кешені 2014 жылы қайта жөндеуден өткізілген болатын. Кешеннің алаңы 2,7 метрге көтеріліп, әкімшілік үйінің жаңа ғимараты салынды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер аллеясы кеңейтіліп, кіреберісіне «Қасиетті арқар» мүсіні қойылды. Бүгінде түркітілдес елдердің тағзым ететін қасиетті орны күрделі сәулеттік өнер туындысы ретінде ерекше маңызға ие.

Аймақтағы ажары келіскен Нағи Ілиясов атындағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық жай-күйі де назардан тыс қалған жоқ. Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен салынған ауылдағы орталық саябақ, спорт кешені, мешіт, мәдениет үйі және өзге де әлеуметтік нысандарды аралады.

Сұхбат

PhotoRoom