Жамбыл облысында «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі құрылды

Аймақ
02.10.2016, 23:10

%d0%be%d0%b7%d0%b8%d0%bc%d0%b8%d0%b7%d0%b4%d0%b8%d0%bd-%d0%be%d0%bd%d0%b8%d0%bcЖамбыл облысында сүт кластерін дамыту сондай-ақ, кооперативтерге шағын шаруашылықтарды біріктіру мақсатында Жаңазеландиялық «Fonterra» және Даниялық «Arla» бағдарламары бойынша Меркі ауданында құрамына 42 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі құрылды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков мәлім етті.

Оның сөзінше, алдағы уақытта өндірістік кооператив төңірегінде 70-тен 200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар сүт-тауарлы фермалары құрылатын болады. Кооператив олардың төңірегіндегі сүт өндірушілерді, мал азығын дайындаушыларды ұйымдастыра отырып, дайын өнімді өткеру жұмыстарымен айналысады.

Бұл мақсатта сүт бағытындағы 1000 бас асыл тұқымды МІҚ малын сатып алуды қаржыландыратын шағын несие мекемесі құрылды.Қазіргі уақытта күніне қуаттылығы 50 тоннаға дейін сүтті қайта өңдеу зауытының құрылысына жер бөлініп, жобалық сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom