Сыр өңірінің 100 мың тонна күріші Жамбыл облысына жеткізіледі

Аймақ
29.09.2016, 23:58

88c7a55ae5f65c8535073c3e7253455c_lАзық-түлік бағасын қымбаттатпау үшін Қызылорда мен Жамбыл облыстарының тұрақтандыру қорлары бірігіп жұмыс атқармақ. Өңірлер арасындағы кәсіби біліктілік пен тәжірибе алмасу мақсатында әулиеаталық делегация Сыр еліне келді. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған топ бірқатар өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, аймақтың экономикалық жағдайымен танысты. Келіссөздер нәтижесінде Қызылорданың 100 мың тонна күріші Жамбыл облысына жеткізілетін болды. Ал 6 мың гектар жерге қызылша егіп, өнім жинау науқанын бастаған әулиеаталықтар Сыр өңірін қантпен қамтиды. Екіжақты кездесу барысында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және мәдениет салалары бойынша бірнеше меморандумға қол қойылды. Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі: - Біз химия дамып жатқан облыспыз. Біз тыңайтқыш жібере аламыз. Көптеген үйлер салынып жатыр екен, құрылыс материалдары бар бізде. Гранит, флорит деген материалдар. Сол себепті екіжақты келісім Қызылорда мен Жамбыл облыстарына өте пайдалы деп санаймын.  Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі: - Біз Жамбыл облысына күріш өнімдерін қою туралы келісіп жатырмыз. Біздегі күрішшілердің өтініші бойынша Жамбыл облысынан минералды тыңайтқыштарды алатын болып жатырмыз. Осының барлығы өңіраралық кооперацияны, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және көптеген мәселелерді екі өңірдің арасында келісіп шешуге мүмкіндік болады,-деп хабарлайды 24.kz.

Сұхбат

PhotoRoom