Қордай ауданында Тәуелсіздік жылдары 34 жаңа балабақша ашылды

Аймақ
05.10.2016, 21:54

sam_1477Қордай ауданында Тәуелсіздік жылдары 34 жаңа балабақша бой көтеріп, пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында Қордай ауданының әкімі Қайрат Досаев мәлімдеді.

Тәуелсіздік жылдары Қордай ауданының білім беру жүйесі айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді. 25 жылдың ішінде 9 мектеп және 2 қосымша корпус салынды. Балаларға арналған «Қуаныш» психологиялық орталығы мен ментальды арифметика академиясы ашылды. Бүгінде ауданда  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мен мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жұмыс істейді.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары балабақшаларға бала толтыру былай тұрсын, сол мекеменің шаруашылық шығындарының өзін ұстап тұру қиындап кеткені көптің әлі есінде. Экономикамыз қуат алып, бұл тығырықтан да шыға алдық. Осылайша, тәуелсіздік жылдары ауданда 7 жаңа балабақша салынған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Масанчи ауылында 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, бүлдіршіндерге есігін ашты. Сондай-ақ, соңғы кездері шағын орталықтар көптеп ашылуда. Жалпы, 1991 жылы 27 мектепке дейінгі балалар мекемесі болса, биыл бұл көрсеткіш 61-ге жетті»,-деп атап өтті аудан әкімі Қайрат Досаев.

 

Сұхбат

PhotoRoom