Жамбылда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары жүруде

Аймақ
08.10.2016, 00:04

sam_1490Жамбыл облысындағы мәслихаттарға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Брифингке Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Жамалов Талғат Салқанұлы қатысты.

Махметғали Нұрғалиұлының хабарлауынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туалы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 101- бабы, 4 - тармағына және 2016 жылғы 30 қазанға тағайындалған Жамбыл облысы мәслихаттарының шығып қалған  депутаттарының орнына сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.

Сонымен қатар, шығып қалған  депуттарының орнына сайлау өткізу Меркі аудандық № 8 сайлау округінде тағайындалған болатын.

- Өздеріңізге белгілі, Меркі аудандық мәслихаттың № 8 сайлау округі бойынша сайланған депутат Қасым Марат Жарылқасынұлы мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты депутаттық құрамнан шығарылған болатын, - деді спикер. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйектегі жағдайына 3 кандидат ұсынылған. Оның екеуі өзін-өзі ұсыну жолымен және біреуі саяси партиямен ұсынылған.

Сондай-ақ, Меркі аудандық №8 сайлау округінің құрамына 2 (№279, №280) сайлау учаскесі кіреді, және олардағы сайлаушылар саны 3160 адамды құрайды. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары атқарылуда.

Сайлауға дайындық жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес атқарылуда.

Сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ, - деп мәлімдеді Махметғали Нұрғалиұлы.

 

Сұхбат

PhotoRoom