Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Тиімді баспасөз қызметі» тақырыбында семинар өтті

Аймақ
09.10.2016, 20:41

dsc_00447 қазанында Тараз қаласы, «Жамбыл» қонақ үйінің мәжіліс залында жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен «Тиімді баспасөз қызметі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған басқосуды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Жеңіс Сариев ашып, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, «PR-шы» клубының мүшесі Қайсар Жұмабайұлы жүргізіп отырды.

Семинар барысында Қ.Жұмабайұлы қатысушыларға кәсіби мемлекет құру, мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді жұмыс атқару, медиа-жоспар құру және оны іске асыру туралы түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар белгіленген тақырып бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауптарын алды.

Іс-шара қорытындысында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қатысушыларға «Тиімді баспасөз қызметі» семинарын сәтті өткенін үшін арнайы сертификаттарды табыстады.

 

Сұхбат

PhotoRoom