CNN: "Киев баллистикалық зымырандар қолдана бастады"

Жаңалықтар
29.07.2014, 22:32

Америкалық CNN телеарнасының хабарлауынша, украиналық әскерилер сепаратистерге қарсы баллистикалық зымырандар пайдаланған.

Үкіметке жақын әскери сарапшының айтуынша, соңғы екі тәулікте Киев жақ Донбассқа қарай бірнеше баллистикалық зымырандар жіберген. Нақты қай жерден және қай нүкте көзделгені айтылмайды.

- Үш бірдей америкалық мемлекеттік қызметкер АҚШ барлау қызметі келтірген дәлелдерді алға тартып, соңғы екі тәулікте бірнеше баллистикалық зымыран қолданылғанын нақтылай түсті, деп мәлімдеді CNN тілшісі Барбара Старр.

Оның айтуынша, бұл зымырандар 80 шақырым ұзақтыққа дейін атылады. Бірақ, оқтұмсықтарының салмағы 453 кг. ғана тартады.

Сұхбат

PhotoRoom