Жуалыдағы сыр зауыты өнімдерін Ресейге экспорттауда

Аймақ
20.10.2016, 22:42

2014 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан «Бурный сүт компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз өнімдерін Ресейге экспорттауда, деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Аталған кәсіпорынның өнімдері екі жылдан бері Ресей федерациясына экспортталып келеді. Қазіргі таңда компания сүт өнімдерін өзге де шетел нарығына шығаруға ниетті. Мәселен, бүгінде Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Турция және бұдан өзге мемлекеттермен келісімшарт жасау үрдісінде. Компанияның тағы үлкен жетістіктерінің бірі, 2015 жылы қарашада Қытай Халық Республикасында өткен Янлин жәрмеңке-көрмесіне қатысқан.

Жұмыс барысын табиғи сыр, сары май мен табиғи сүт өнімдерін өндірумен бастаған зауыт болашақта сүзбе  өндірісін іске асыруды жоспарлап отыр. Бұдан өзге компания, қаймақ, йогурт, айран сынды сүт өнімдерін нарыққа шығаруды алдағы орындалатын жоспарларға енгізіп отыр. Аталған мекеме мұның барлығы дерлік мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып отырғандығын айтады.

Сұхбат

PhotoRoom