Сарысу ауданында гектарына 700 центнерден пияз өнімі алынды

Аймақ
20.10.2016, 22:45

Жамбыл облысының БАҚ өкілдері Сарысу ауданына пресс-турға аттанды, деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігінің тілшісі. Сапар барысында олар бірқатар шару қожалықтарында болды.

Сарысу Жамбыл облысының батысында орналасқан аудан. Оның ауданы 31,4 мың шаршы шақырымды құрайды. Аудандағы халық саны шамамен 44,1 мың адам.

Аталған ауданда көптеген кәсіпорын ұжымдары мен шаруашылық қожалықтары ауылшаруашылық өнімдерді шығарумен айналысады.Мәселен, Жаңаталап ауылды мекенінде 147 гектар жер аумағына дәнді дақылдар мен көкөністер егілген.  Ағымдағы жылы шаруа қожалығы 30 гектар пияз, 1,5 гектар тәтті бұрыш, 3,5 гектар жүгері мен 6 гектар көкөніс еккен.

Тамшылатып суарудың жаңа технологиясын енгізгенінің  нәтижесінде әр гектардан 700 центнер пияз және 9 центнер жүгері жиналған.

«Қазір пиязды жинау науқаны жүргізілуде. Биылғы жылдан бастап біз тамшылатып суару технологиясын енгіздік, ал су «Анталы» су қоймасынан келеді. Нәтиже көз қуантып отыр, әр гектардан алған өніміміз – 50-60 тоннаны құрайды. 3 МТЗ-80 тракторы  және пияз жинайтын комбайн сатылып алынды. Болашақта тағы да 40 гектар жерді игереміз деп жоспарлап отырмыз», - дейді Медеу Шаханов.

«Жантөре-Саудакент» ЖШС-і 39,5 гектар шаруашылығына тамшылатып суаруды пайдаланады. Мұнда тұрақты жұмыспен 15 адам қамтылған. Ауданның  фермерлері  «Құлан», «Алтын асық» және «Сыбаға» сынды мемлекеттік бағдарламаларға қатысады.

Сұхбат

PhotoRoom