Гелетей: "Жеңіске жетер күн жақын"

Жаңалықтар
04.08.2014, 02:05

Украина әскері шығыстағы екі облысы үшін ресейшіл сепаратистермен жүріп жатқан күресте айтарлықтай жеңіске жетті. Бұл туралы BBC-ге қорғаныс министрі Валерий Гелетей мәлімдеді.

Ол малайзиялық "Боинг" апатқа ұшыраған аймақты үкіметтік күш өз бақылауына алу қажеттігін айта келіп, "украиналық әскер мен сепаратистердің арасындағы қақтығыс ұшақ апатының себептерін анықтайтын халықаралық мамандардың жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс" деді.

Гелетей сондай-ақ, сепаратистермен жүріп жатқан күресте украиналық әскер жеңіске жететін уақыт таяп қалғанын жеткізді. Сарбаз шығындарына қарамастан әлі де 15 мың адамдық күші бар екені белгілі болды. Министрдің айтуынша, Украина жеріне Ресейден тұрақты түрде күш қосылып отырады.

 

Сұхбат

PhotoRoom