Таразда 2017 жылға дейін 327 отбасы жаңа пәтерге қоныстанатын болады

Аймақ
07.11.2016, 02:00

37_%d1%8e%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%bd%d1%8b%d0%b9_%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%b4%d0%be%d1%81%d0%ba%d0%be%d0%bf_%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%b0Таразда   «Бәйтерек Девелопмент»  АҚ «Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бітіруге таяп қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Бұл туралы  Таразда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Бәйтерек Девелопмент» АҚ директоры Асылжан Кұртаев мәлім етті. «Бұл үшін несиеге және арендаға берілетін тұрғын үй құрылысы  бағытындағы негізгі операторлардың бірі ретінде  біздің акционерлік қоғамға 113 млрд. теңге бөлінді. Тағы 67 млрд. теңге  құрылысты қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы билік арқылы қарастырылды». Спикерінің сөзіне қарағанда, АҚ  Таразда 395 пәтер құрылысына инвестиция салуға жеке құрылыс салушылармен 5  шарт жасасқан және 2016-2017 жылдары 22,5 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызуды жоспарлап отыр.    Айта кетер жайт, 1 шаршы метрдің бағасы 131 мыңнан 145 мың теңге аралығында. «Арендалық тұрғын үй әкімдікте тіркелген әлеуметтік жағдай төмен отбасыларына беріледі»,-деп түсіндірді спикер. «Ал  сайынғы арендаға төлем шаршы метріне 1 110 теңгеден болмақ.

Сұхбат

PhotoRoom