Дәулет Ерғожин ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Жаңалықтар
22.11.2016, 09:33

%d0%bb%d0%b0%d0%bb%d0%b0Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Қабдылкәрім Ратайұлы Әбдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Дәулет Еділұлы 1979 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1998) «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша; Экономика және құқық университетін (2001) «Құқықтану» мамандығы бойынша; ЗиГСоІк (2003) іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылдан - «ҚазТрансОйл» ҰК» АҚ клиринг департаментінің маманы болған.

2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары.

2005 жылдан - «ҚазМұнайТеңіз» ҰК» АҚ  экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары.

2006 жылдың мамырынан - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі кеңесшісі.

2007 жылдан - ҚР қаржы вице-министрі.

2008 - 2014 жыл аралығында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы болды.

2014 жылдың тамызынан ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

Үйленген. Жұбайы бар, екі ұл, екі қыздың әкесі.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom